«Діни экстремизм мен терроризм» кездесу

      2021 жылдың 23 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ерубай Асхаттың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
      Шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм, терроризм жайлы  айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен  экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің  жолдары, елімізге келтіретін  зардаптарын жан - жақты талдап, жастарды  қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды.
 
 
23 қыркүйек 2021 ж. 11:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: