«Адалдық-парасаттылық бастауы» атты кітап көрмесі

     2021 жылдың 4 қазанында Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында «Адалдық-парасаттылық бастауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Кітап көрмесіне    парасаттылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін ақын-жазушылардың тағылымдық тұрғыдағы көркем шығармалары, ұрпағын «адал адам болуға» үндеген ұлы Абайдың асыл мұралары, дала ойшылы, философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының адалдық, әділдік, парасаттылық, сенім сияқты асыл қасиеттерді дәріптеген шығармалары, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары туралы кітаптар мен мерзімдік басылым беттеріне жарияланған  мақалалар қойылды.

Көрменің мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, парасаттылық және отан сүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, оқырмандарды сыбайлас жемқорлық туралы материалдармен таныстыра отырып, адал өмір сүруге, әділ қаракет жасауға, жемқорлыққа төзбейтіндей мінезде болуға баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.




 
04 қазан 2021 ж. 13:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: