Кеңес Одағының және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, әлемге аты әйгілі әнші Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ операсының Құлагері» атты кітап көрмесі

   10 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Кеңес Одағының және Қазақ­­­стан­­ның халық әртісі, Социа­листік Еңбек Ері, әлемге аты әйгілі әнші Ермек Бек­­­­мұ­хамедұлы Серкебаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ операсының Құлагері» атты кітап көрмесін дайындады.

  Көрменің мақсаты - қазақтың  ән  өнерін  Еуропа мен Азияның көпте­ген мемлекеттеріне кеңі­нен насихаттап, әлемдік биікке көтерген, керемет дауыс иесі Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығын жастарға жақын таныстыру.

  Көрмеге әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған әдебиеттер, фото-альбомдар, мерзімді басылымдар және ол туралы замандастарының  айтқан  естеліктері қойылды.




 

10 маусым 2021 ж. 17:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: