4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәмізі – ұлт рухы» атты кітап көрмесі

   4 маусым – Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  рәміздер күніне орай «Ел рәмізі – ұлт рухы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты: оқырмандардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге арналған әдебиеттерді насихаттау.

  Көрмеден жаңа нышандар әзірлеу жұмысына белсене қатысқан белгілі политолог, журналист Ербол Шаймерденовтың тарихи-этнографиялық эссе түрінде жазылған «Қазақ елінің рәміздері» кітабы, ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған «Елтаным» кітабы, Шаймерденовтың «Алматы» кітап баспасынан жарық көрген «ҚР Тәуелсіздік рәміздері» атты еңбектері, сондай-ақ т.ғ.д. профессор Б.Ғ.Аяғанның «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», Үш тілде жарық көрген Жандарбек Мәлібекұлының «Қазақстанның Елтаңбасы» атты сүбелі еңбектермен кеңінен танысуға болады.






 
04 маусым 2021 ж. 18:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: