«Жалынды сөз зергері» атты кітап көрмесі

   29 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылым кітапханасы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның оқу ісінің үздігі, аудандық және облыстық мәслихаттарының депутаты, «Астана» және «Шапағат» медальдарының иегері Рүстем Жанайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жалынды сөз зергері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің мақсаты-жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау. Қасиетті Қазалы жерінің тарихында өлеңнің өрісін кеңейтіп, киелі өнерге өрнек салып кеткен жыр майталмандары көп-ақ. Рүстем Ідірұлы-солардың қатарынан  айбынды жырымен, шынайы болмысымен, терең философиялық ой-орамдарымен дараланып тұратын.

     Көрмеге жазушының әдебиеттері мен баспа беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды.







 
29 мамыр 2021 ж. 19:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: