Жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның «Пешене» пьесалар жинағына онлайн шолу

   5 мамыр күні «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап» республикалық акциясы аясында жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның «Пешене» пьесалар жинағына онлайн шолу өткізілді. Шолудың мақсаты: автордың өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға кеңінен таныстыру. Кітап кейіпкерлерінің бастарынан өткерген қым-қиғаш оқиғалары арқылы оқырмандарды ойланып әрекет етуге, азға қанағат, жоққа сабыр етіп, отбасының әр мүшесінің, әсіресе ата-ананың қадірін білуге, өмірдің осы бір тыныш, уайымсыз өткен күндеріне шүкіршілік етуге шақырады.

  Сонымен қатар тарихи шығармалары арқылы да адамдықтан таймай, шынайылыққа, әділ болуға баулу. Оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын ояту.





 
05 мамыр 2021 ж. 10:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: