«Өмірдегі басты мақсатым» атты тренинг24 қараша күні өскелең ұрпақтың өмірге деген көзқарастарын қалыптастырып,өзіне деген сенімін ояту мақсатында «Өмірдегі басты мақсатым» тақырыбында тренинг өткізілді. Шарада Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Педагог-психолог Бекмамбетова Асем адам өмірінің мәні мен бағытын айқындауға, алға қойылған мақсаттың дұрыс болуы және кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін ерік-жігерлерін жетілдіріп отыруларын ұғындырды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері өмірге құштар болудың қыр-сырын меңзейтін әдебиеттерді таныстырды. |
Гости6
Роботы16
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 18 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ