KITAPKHANA.KZ
kz ru

Бисерден бұйымдар жасау жолдары... Шеберлік сабағы

   11 ақпан күні өнер бөлімінің залында «Арулар әлемі» жобасы аясында бисерден түрлі бұйымдар жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – жастар мен жас аналарға  бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру, әдемілікке, талғампаздыққа үйрету, көркем еңбекке тәрбиелеу.

  Шеберлік сабағын қаламыздағы № 2 Абай атындағы мамандандырылған мектептің көркем еңбек пәні оқытушылары Альжанова Роза, Бегимбаева Мархабат  жүргізді.

  Сабақ барысында жастар  мен жас аналар бисерден қыздар пайдаланатын әшекей бұйымдар: мойынға тағатын алқалар, шашқа, қолға арналған сәндік заттар жасауды үйренді. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды шараға қатысушылар ерекше ынтамен, қызығушылықпен жасады.   

                      



 
11 ақпан 2022 ж. 18:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x