«Алтын мүйізді киік» ертегісі дауыстап оқу25 ақпан күні «Кітаппен бірге өсеміз» жоба аясында бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілікке, шындыққа тәрбиелеу мақсатында «Ертегі, ертегі, ертегі сыр шертеді» айдарымен қазақ халқының «Алтын мүйізді киік» ертегісін дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шарада Ертекші халқымыздың асыл мұрасы - ауыз әдебиеті ертегілерін дауыстап оқу арқылы, бүлдіршіндердің ұшқыр ойын, сөздік қорын шыңдауға және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. |