«Алғысым шексіз» атты танымдық кешАлғыс айту күні – Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төгіп, қиындықтарды бірге еңсерген барлық отандастарымыздың бір-біріне құрмет білдіретін күні аясында 1 наурыз күні «Алғысым шексіз» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық айтылып, қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсеткен ата-аналарымызға, қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырушы еріктілерге алғыс айтылды. Шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төгіп, қиындықтарды бірге еңсерген барлық отандастарымыздың ерен еңбегін жастарға үлгі тұтып насихаттау. |