KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ойыңды өзгерт » онлайн шолу

    17 наурыз күні    кітапханада  «Ойыңды өзгерт» тақырыбында кітапхана қорына түскен мотивациялық жаңа  кітаптарға онлайн шолу ұйымдастырылды. 

     Сана мен тән бір-бірімен байланысып жатыр. Егер тәнің ауырса, оның басты себебін санадан іздеген жөн. Ойыңыз өзгермей өзіңіз де өзгере алмайсыз. Бүгінгі шолуымыздағы сіздердің назарларыңызға ұсынылатын кітаптардың басты идеясы осы. Өміріңізді ізгілікке қарай күрт өзгертіп, психология атты әлемге алып келетін Шынар Әбділда мен Мырзагелді Кемелдің «Жетілудің 7 жолы», Лариса Парфентьеваның  «Өміріңді өзгертетін 100 әдіс», Луиза Хейдің «Өмірің өз қолында», Виктор Франклдің «Өмірден мән іздеген  жан», Ғани Байғабылұлының «Кайдзен үздіксіз дамудың құпиясы», Данияр Жігітбектің «Лайфхактар. Өміріңді өнімді өткіз», Мырзагелді Кемелдің «Өмірге көзқарас», Әлия Болтаеваның «Мотивация психологиясы», Брайан Трейсидің «Табысқа талпын!» кітаптары. Бұл кітаптар жағымды идеяларды меңгеруге және сол арқылы ойлау жүйеңіздің стеротипін өзгертуге көмектеседі. Кітаптарда – өмірде көздеген мақсатыңа жетуді оңайлататын әдіс, пайдалы кеңестер берілген. Осы кітаптарды оқи отырып, сіз де өз өміріңізге үлкен өзгеріс енгізе алатындығыңызға сенімдіміз. Жеке даму тақырыбына қызыққан жандар болса, кітаптарымызбен танысуға шақырамыз! 




 

17 наурыз 2022 ж. 17:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x