KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Түркі әлемінің бесігі – Түркістан» атты кітап көрмесі

     7 сәуір күні Отан тарихы мен мәдени құндылықтарды құрметтей білу мақсатында «Түркі әлемінің бесігі – Түркістан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Кітап көрмесі барысында Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала, қазақ хандығының астанасы болған – Түркістан қаласы жөнінде  оқырмандар назарына тарихи деректер мен аңыздар ұсынылды. Және де Түркістан қаласы жайындағы мәдени, тарихи құнды еңбетерге арналған әдеби кітаптар, оқулықтар мен баспасөз материалдары қойылды. Атап айтқанда: К.Байпақовтың «Қазақстанның ежелгі қалалары», Түркістан қаласының арғы тарихын әңгімелейтін Ж.Әлмашұлының «Қызыр қонған Түркістан», Түрік әлемінің азаттығы үшін күрескен М.Шоқайдың «Түркістан үшін», О. Зәріпбайдың «Ұлы даланың ұлы тарихы», М.Мырзахметұлының «Жер тарихы – ел тарихы» атты кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды.

     Кітап көрмесіне кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.




 
07 сәуір 2022 ж. 11:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x