«Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті»25 сәуір күні кітапханада «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығы түсіндірілді. Көрмеге «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР Заңы», Ернар Естеусіновтің «Экономикалық қылмыстардың алдын алу», Есберген Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», Асылбек Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары» және мерзімді басылымдар қойылды. |