«Сүйіспеншілік жүректен» атты мерекелік кеш24 мамыр күні «2022 жыл -Балалар жылы» аясында әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне және мейірімділік, ізгілік, жанашырлық, қуаныш сыйлау мақсатында «Сүйіспеншілік жүректен» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы №2 облыстық балаларды оңалту орталығының, №5көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының, №7 Арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында Т.Есетов атындағы мектеп-лицейінің, №1 мектеп- гимназиясының, №282 мектеп-лицейінің оқушылары, орталық тәрбиеленушілеріне, Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден» атты әңгімесі бойынша қойылым қойып, ән мен жырдан шашу шашты. |