KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар»

   3 маусымда облыстық кітапхана  ҚР мемлекеттік рәміздер күніне 30 жыл толуына орай «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды.

   Іс-шараның мақсаты оқырмандарға  ҚР Мемлекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінік беру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

  Іс-шараға «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыру-жобалау жұмысы бөлімінің басшысы Шакизат Қаратайұлы және осы бөлімнің бас маманы Қ.Жақсылық, М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі және «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының  әнұранын орындады.

  Елін, жерін сүю және Отанға деген адалдықтың белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту, жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде мемлекеттік нышандардың алатын орны ерекше және Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының борышы.




 

 


03 маусым 2022 ж. 16:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x