17 маусым күні облыстық кітапханада «2022 жыл - Балалар жылы» аясында бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, тез және дұрыс шешім қабылдауға, адамгершілікке, шындыққа тәрбиелеу мақсатында «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараға Зияткерлік иновациялық мектебі мен №12 І.Қабылов атындағы күндізгі тынығу лагерінің «Балдәурен» тобының балалары қатысты. «Сөз мәйегі», «Сұрақ –жауап», «Білгенге маржан», «Кім бірінші», «Жұмбақ шешу» сияқты 5 – кезеңнен тұратын интелектуалды ойынға оқырмандар белсене қатысып, тапқырлық қабілеттерін шыңдады.