14 шілде күні «Жазғы ертегі» тақырыбына салынған Арт-студия оқушыларының суреттерінен фотокөрме дайындалды. Фотокөрменің мақсаты-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, айналасындағы сұлулықты байқауға, сезінуге үйрету.
Дайындалған көрме түрлі-түсті бояуларға толық болды. Студия оқушылары өз жұмыстарында жазғы табиғаттың ерекшеліктерін, керемет сұлулығын ертегімен ұштастырып жеткізуге тырысты. Көрмеге барлығы 30 жұмыс қойылды