«Толеранттылық бейбітшілікке бастау» Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Толеранттылық бейбітшілікке бастау» атты оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияға қатысушылар толеранттылықтың сипаттары, төзімсіздік салдарынан қандай келеңсіздіктер туындайтыны туралы мәселелер қозғады. «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, техника ғылымының кандидаты, доцент Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы облыстық ұлттық орталықтары туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, достық байланыс орнаған елдердің шекаралық аумақтарындағы халықтардың өз ара қарым – қатынасының мәні жайлы пікірлер айтылды.
Конференцияға қатысушылар «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты кітап көрмесімен танысып, Қазақстанда қоныстанған халықтардың әдет- ғұрып, салт-дәстүрі жайлы мол мағлұматтар алды.
|
Гости25
Роботы23
Список пользователей
Saya Nurlan
Был(a) в сети 7 часов назад
bpatrickswifty801
Был(a) в сети 10 часов назад
akbota
Был(a) в сети 13 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 21 час назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ