«Қазақ хандары мен батырларының қоғамдағы ролі» (Қазақ хандығына 550 жыл)№10 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде 7, 8, 9 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына «Қазақ хандары мен батырлары қоғамдағы ролі» атты танымдық сағат өткізілді. Оқушылар Қазақ хандары жайлы слайдтар дайындап қазақ хандары мен батырлары туралы әңгімеледі. Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп кітапханасының балалар бөлімімің кітапханашылары «Қазақ хандары мен батырлары» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап көрмесіне шолу жасады. Танымдық сағатта балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашылары «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны, бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғанын айтып өтті. Оқушыларды жыл кітабы - Ілияс
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқуға шақырды. Наурыз айынан бастап «Оқы талқыла, ұсын» атты кітап марафонының басталғанын, қорытынды
шара қыркүйек айында өтетіні жайлы айтты.
|