KITAPKHANA.KZ
kz ru

Отбасын кітап даналығы нығайтады

   Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. 
   Балалар әдебиеті бөлімі 24 сәуір  күні  ұлттық мәдени, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған «Отбасын  кітап даналығы нығайтады» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. 
  Мақсаты:  қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды саралап,  бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, оқушыларға  кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны  дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
  Ашық есік күнінде «Кітаптар қалашығына саяхат - кітап көрмесі, «Ойлан, ізден, жасап көр»-көрме-хобби, «Бала тәрбиесі-тал бесіктен» атты әңгіме-шолу жасалып,  бүлдіршіндерге «Балдырғандар» залында мультфильмдер көрсетіліп, кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
  Ашық есік күні аясында  «Отбасының қызығушылық әлемі» атты отбасы вернисажы өткізілді. Отбасы вернисажына Долотовтар жанұясы қатысты.
  Долотовтар отбасы өз өздерінің отбасылық әуестіктері туралы слайд-шоу көрсетіп,  өздері оқыған кітаптары және оны пайдасы туралы айтып,  өздері сүйіп оқитын кітаптары туралы жарнама жасап, «Кірқоймас», «Шалқан» ертегілерінен қойылым көрсетіп, өз қолдарымен жасаған  заттардан  көрме ұйымдастырды. 
   «Сен оқисың, мен оқимын, менің отбасым оқиды» тақырыбында көрермендермен  әдеби викторина ұйымдастырды.
Оқырмандар вернисажына  балалар әдебиеті бөлімінің белсенді оқырман жанұялар, ұстаздар, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы, №198, №4 С.Сейфуллин атындағы, №217 Б.Шалғынбаев  атындағы орта мектептердің, №23 Ж.Қизатов атындағы  мектеп-лицей оқушылары және «Сәулет-Нұрайы» балабақшасы бүлдіршіндері қатысты.  №4 орта мектептің «Самұрық» би тобы мен №23 мектеп-лицейдің оқушылары концерт көрсетті.  Шара соңында Долотовтар отбасына алғыс  хатпен және сыйлық тапсырылды.

 


24 сәуір 2015 ж. 16:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x