ИСАЕВ БАЗАРБАЙ

      1941 жылы 5 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қазіргі Манап аулында туған.

 Қызылорда қаласындағы педагогикалық (қазіргі Қорқыт ата атындағы) институтының филология факультеті қазақ  тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Шиелі аудандық «Өскен өңір», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі  «Сыр бойы»), «Жас алаш», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында  істеген. 1977–1986 жж. Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің аппаратында жауапты қызмет атқарды.

     1986–1990 жж. «Жалын» баспасында аға редактор, 1990–1995 жж. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сақшы» –  «На страже» газетінде тілші, редактордың орынбасары, редактор, 1996 жылдан бастап шекара әскерлері  Әскери институтының редакциялық баспа бөлімі бастығының орынбасары, 1997 жылдан «Ұлан» – «Гвардия»  газетінің бас редакторы, «Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана» газеті жауапты редакторының орынбасары  болған.

 

     ҚР Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.
     «Отызыншы көктем», «Ақ жауын», «Ақ қайнар», «Көктем шерткен күй», «Бақыт құсы», «Қауышу мен қоштасу» , «Сезім селі»,  «Мөлдір», «Арайна» атты жыр жинақтары жарық көрген. Жазушының «Өң мен түс», «Алтынай, ақ көйлек», «Көрбала және тергеуші»,  «Жігіт пен жендет» атты прозалық шығармалары бар. А.Чайковскийдің «Алыс жұлдыздың жарығы» повесін, Н.Думбадзенің «Алаң болма,  апа!» романын, С.Радионовтың «Магнитофондағы жазу» повесін қазақ тіліне аударған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994).
 

Əдебиеттер:


  Исаев Б.Ақ жауын: Лирика. – Алматы: Жазушы, 1975. – 87 б. Исаев Б. Ақ қайнар / Б.Исаев. - Алматы: Жазушы,1978.- 92 бет.

  Исаев Б. Бақыт құсы: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жалын, 1984. – 104 б. Исаев Б. Бəсеке дəурен: Өлеңдер мен поэмалар / Б.Исаев; Құрастырған:Күлян

  Исқақова.-Алматы: Ана тілі, 2011.- 384 бет.-(Мерейтойлық əдебиет)

  Исаев Б. Көктем шерткен күй / Б.Исаев.- Алматы: Жазушы, 1982.- 120 бет. Исаев Б. Өң мен түс / Б.Исаев.- Алматы: Жалын,1989.- 224бет.

  Исаев Б. Тергеуші / Б.Исаев.- Алматы: Ана тілі,2002.-256 бет.

  Исаев Б. Шығармалары: Екі томдық / Б.Исаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.-Астана: Фолиант, 2009.- (Сырдария кітапханасы)

  Исаев Базарбай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 252 б.

  Исаев Базарбай//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 191 б.

  Исаев Базарбай //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 151-152б.

  Исаев Базарбай //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 287-288 б.

  Исаев Базарбай // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған.– Алматы, 2005. – 255-256 бет.

  Базарбай Исаев //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл-Фараби, 1998. – 208-209 б.

  Байдрахманұлы Д. Базарбай Исаев: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 325 б.

  Сопыбеков А.Базарбай Исаев //Сопыбеков А. Жаңақорған:Тарихнама. – Шымкент:Кітап, 2008. – 433-434 б.

  Сопыбеков А. Базарбай Исаев: Өлең // Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана: Фолиант,2008.- 173-175 б. - (Сырдария кітапханасы)

  Асқар Оразақын "Тұңғиық" тұңғиыққа сүңгиiк: Б.Исаевтың "Тұңғиық" атты жинағы туралы // Қазақстан сарбазы.- 2005.- 15 шiлде (N 29).- 4 б.

  Əлім А. Басымды жырға иемін..: Ақын Базарбай Исаевтың ақындық шығармашылығы туралы //Алматы ақшамы. – 2001. – 25 қырк.

  Əшімұлы Ш. Аяулы ақын, асыл азамат: Ақын, жазушы, аудармашы Базарбай Исаев туралы / Ш.Əшімұлы. // Сыр ардагері. - 2012. - 6 маусым. - 3 б.

  Əшімұлы Ш. Кең ойлы азамат еді: Ақын, жазушы Базарбай Исаұлы жайлы / Ш.Əшімұлы //Жаңақорған тынысы.- 2012. - 26 қазан. - 4 б.

  Базарбай Исаұлы Исаев: Қазанама. Ақын, жазушы Базарбай Исаев көз жұмды // Сыр бойы.- 2011. - 13 мамыр. - 3 б.

  Базарбай Исаев: қазанама // Қазақ əдебиетi.- 2011. - 13-19 мамыр (№ 19). - 15 б. Дүрмұхаммедтегі Ə. Талаптан шыққан талант едің..: Ақын əрі жазушы Базарбай

  Исаевті еске алу / Ə.Дүрмұхаммедтегі. // Сақшы.- 2011. - 13 қазан (№38). - 9 б.

  Жапарғалиқызы Г. "Менің арман, ар-ұятым,намысым жүрегіме атқанауыр жүгімде":Ақын əрі жазушы Базарбай Исаевті еске алу / Г.Жапарғалиқызы. // Сақшы.- 2011. - 13 қазан (№38). - 9 б.

  Исаев Б. Адал бол, ұлым, аңтыңа»: Белгілі ақын Б.Исаевпен сұхбат /Сұхб. Г.Өкешқызы //Астана ақшамы. – 2001. – 16 қазан

  Исаев Б. Жан сырымды жырлаймын жасыра алмай: Өлеңдер, ақынның өмірбаяны бар //Қазақ батырлары. – 2001. – қазан (№10). – 8 б.

  "Өмiр"атты базардан қайтты Базарбай ағамыз да: қазанама //Қазақстан - ZAMAN.- 2011. - 19 мамыр (№ 20). - 2 б.

  Сопыбеков А.Тұлпарлар тартар ұзаққа: Ақын Б.Исаев 60жаста //Сыр бойы. – 2001. – 18 ақпан

  Тоқашбаев М.Өте қарапайым едi...: Жазушы Б.Исаев дүниеден өттi // Қазақ əдебиетi.- 2011. - 13-19 мамыр (№ 19). - 15 б.


22 сәуір 2015 ж. 14:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: