Қалдан батыр

     1819-1913 жылдар аралығында өмір сүрген Қалдан батыр Талқанбайұлы Кіші Жүздің Алшын руынан. Оның ішінде Жанғабыл аталығынан тарайды.

      Батыр баба Сыр бойының атақты батырларының бірі, өзі ірі денелі кісі болған. Ел арасындағы дауларға әділ шешімін айтып, тура жолдан таймаған қайсарлығы үшін «Қалдан батыр» атанған.

     Халықтың сауатын ашуға көңіл бөліп, Қалжан ахун, Садық ахун сияқты дін өкілдеріне қамқорлық жасаған. 1897 жылы Қаракөл деген жерде (Аққыр ауылының маңы) мешіт салдырып, бала оқытқан. Т.Ізтілеуов, А.Тоқмағамбетов, т.б. ақын-жазушылар Қалданның қоғамдық қызметін өз шығармаларына арқау еткен. Қалдан бейнесін Сыр сүлейі Тұрмағамбет ақын Ізтілеуұлы:

     Батыр Қалдан, би Бақа,

     Көнеден қалған гүжімдей.

     Айтқандары елге үлгі,

     Аузынан шықса, таңырқап

     Тәбәрік етер жүзімдей.

     Басы артықтың – бәсі артық,

     Сәлемі дағы сыртқа айтқан.

     Сайланып шыққан жүзіндей! – деп сомдайды.

    1913 жылы Қалдан батыр Ырғыздан қыстауға Аққыр-Қаракөлге келе жатқанда, жолда Нұра даласында 94 жасында қайтыс болады, денесін Тарғыл таудың маңайына жерлейді. Қызылорда облысы, Жалағаш өңірі, Жаңадария өзенінің бойында, Ақтөбе өңірінде өмір сүрген Қалдан батырдың бейіті қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағының маңайында, Кемесалғаннан онға қарай 120 шақырым жерде. Батырдың бейіті – күмбез тәріздес, көлемі 9х9 болып келген. Күмбездің төбесі ішіне құлап түсіпті. Биіктігі – 2,5 метрдей. Бұрынғы көрінісі 6 метрдей болғанға ұқсайды. Бүгінде қалдан батырдың тұтынған заттарынан ұрпақтарында мөрі ғана сақталынған.

     Батырдың ұрпақтары ел билігіне араласқан. Үлкен ұлы Тәшірбай генерал-губернатор бұйрығымен 1847 жылы Қосбөгет болысының бас биі болады. Екінші ұлы Құнанбай 1896-1901 жылдары Қарақөл-Қуандария болысының болысы болған.


04 мамыр 2015 ж. 10:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: