ІЛИЯСОВ НАҒИ

   1920 жылы 6 қарашада Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының "Қызыл Коммуна" ұжымшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген. Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педучилищесінің үшінші қурсына түсіп, оны бітіргеннен кейін Жоғарғы Шыршық ауданында, ал 1941 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін (қаңтар 1942) Тереңөзек ауданындағы Жәдігер орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.

   1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанады. Ол Мәскеуді, Сталинградты қорғауға, Элистаны, Ростовты, Донбассты азат етуге қатысты. Қазақ халқының адал ұлы Мәскеуден Будапештке дейінгі жолды жүріп өтті, Венгрияда, Австрияда, Чехословакияда жауға қарсы соғысты.

   Ұрыстағы ерлігі мен батырлығы, Дунай өзенінен өту кезіндегі тапқырлығы үшін Нағи Ілиясовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

   Соғыстан кейінгі жылдары туған жерінде жауапты қызметтер атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдарымен марапатталды. Нағи Ілиясов 1987 жылы 6 мамырда қайтыс болды. Бұрыңғы "Қазақ ССР-інің 50 жылдығы" кеңшары (Сырдария ауданы) қазір Нағи Ілиясовтың есімімен аталады.


08 мамыр 2015 ж. 15:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: