Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың 80 жасқа толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты саз кеші ұйымдастырылды.

   Композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың 80 жасқа толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты саз кеші ұйымдастырылды.

   Оның мақсаты – Илья Жақановтың өмірі, өнері, шығармашылық жолымен таныстыру, дарынды тұлғаларымызды құрметтеу.

Саз кешінде сегіз қырлы , бір сырлы өнер иесінің өмірі және шығармашылық жолы туралы әңгіме айтылып, құлақ құрышын қандырып, жан ләззатына бөлейтін, халық арасына кең тараған әндері «Еділ-Жайықты» облыстық филармонияның әншілері Бота Кәкім, Гауһар Бейсекенова, «Асылымды» Гүлфира Әлиханова, «Жайлауқөл кештерін» «Тұран» триосы орындады.

  «Ғибратты ғұмыр» атты кітап көрмесі жасалып, оған И.Жақановтың өмірі және шығармашылық жолынан сыр шертетін кітаптар мен баспасөз материалдары, суреттер қойылды.


 

 



05 мамыр 2016 ж. 17:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: