Тілім менің – тұтастығым, елдігім

    Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.

Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде 2016 жылдың 11 мамыр күні «Тілім менің- тұтастығым, елдігім» атты әдеби кеш өткізілді.

      Мақсаты: Жас оқырмандардың тіл білуге деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, тіл – біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

     Іс – шараға №264 мектеп лицейдің, №7 орта мектептің 5-6 сынып, №6 есту қабілеті нашар балаларға арналған түзету мектеп-интернатының және дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 1 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл, туған жер, Отан туралы өлеңдерді жатқа оқып, ән шырқап, би биледі. Залда      «Тіл- алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 

 


 


11 мамыр 2016 ж. 12:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: