«Құйылып түскен құйма алтын»

    Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосқан көрнекті ақын, Қазақстан халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тұнық жырдың тумасы Тұманбай Молдағалиев ғажап жырларымен халықтың жүрегінен орын алып, өзінен үлкендерге «Тұмаш», кішілерге «Тұмаға» болған Тұманбай ақын өн бойынан өлең құйылып тұратын өзгеше дарын иесі.

    Ақын 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев - сыршыл лиризмді дамытқан ақын 1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар аралығында "Пионер" журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын"-ның бас редакторы болып істеді.

    Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі "Украина қызына" жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді. 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін 1968 жылы "Қазақстан комсомолы" сыйлығының лауреаты атанды. "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Ол Байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар секторының ұйымдастырумен Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты «Құйылып түскен құйма алтын» атты әдеби сазды кеш болып өтті. Қазақ гуманитарлық Заң және техникалық колледжінің оқытушысы Маханова Гулмайра Булановна, Ізбасқанов Нұртуған Айтуғанұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндама оқыды. Кеште колледж студенттері ақын өлеңдерінен үзінді оқып, өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш кеште «Жұлдызы биік жаратылған ақын» атты кең көлемді кітап көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.


 


13 наурыз 2015 ж. 15:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: