Балғын балалар-біздің болашағымыз

        «Қазақстан – 2050» Стратегиясында әлеуметтік саясаттың ең басты құрамдас бөлігі балалық шақты  қорғау болып жарияланды. Балалар – біздің қоғамның ең әлсіз әрі қорғаусыз бөлігі, сондықтан олардың құқығы сақталуы тиіс.
       Осы жылдың мамыр-маусым айларында   Халықаралық    балаларды     қорғау  күніне арналған «Қазақстан балалары – нұрлы жолмен!» республикалық акциясы өтуде.
        Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті  бөлімі    29  мамыр күні сағат 10.00-де «Балғын балалар-біздің болашағымыз»  атты мерекелік шара  өткізді.
       Мерекеге №4 С.Сейфуллин, №211 А.Байтұрсынов, №217 Б.Шалғынбаев  атындағы   орта мектептердің, №264 мектеп-лицейдің оқушылары және «Олимп» балалардың бос уақытын өткізу орталығынан бүлдіршіндер қатысып,  туған жер, бақытты балалық шақ, достық, татулық туралы өлеңдерді  жатқа айтып, ән шырқап, би билеп шараның  қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.  Балалар сурет көрмесін тамашалап, кітапханаға саяхат жасады.  Мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлерінде тынығушы балалар,  кітапхананың  белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар тамашалады. Мереке соңында балаларға балмұздақ үлестірілді.
       Кітапхананың аванзалында «Әрқашан күн сөнбесін атты кең көлемді кітап көрмесі  ұйымдастырылды.
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз
Балғын балалар-біздің болашағымыз

29 мамыр 2015 ж. 16:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: