4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні

       1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді – бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні деп аталып өтілуде.

        Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Биыл Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де бір мезгілде барлық өңірлерде Мемлекеттік Гимнді орындау ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы сағат 11.00-де аванзалға жиналып, Мемлекеттік Гимнді орындады.

     Айта кету керек, бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

        Мемлекеттік Гимнді орындауға кітапхана ұжымымен қатар оқырмандар да белсене қатысты.


 


04 маусым 2015 ж. 16:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: