«Қош келдің, Жаңа жыл!»-мерекелік ертеңгілік Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 29 желтоқсан күні «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өткізді. Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл күйін тудыру, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту. Мерекелік кеште №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының және балалар әдебиеті бөлімінің «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысып өз өнерлерін көрсетті. Балалар шырша жанында би билеп, домбырады күй шырқап, жаңа жылға арналған әндер орындап, тақпақтар айтты. Балалар кітапханашылар дайындаған ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Ертеңгілікке №7, 12, 101,233 орта мектептердің оқушылары қатысты.
|
Гости14
Роботы15
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 13 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ