Жүрек жылуымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Жүрек жылуымен» атты қайырымдылық марафоны аясында 10 ақпан күні «Кітаптар қалашығына саяхат» ұйымдастырды.
Саяхатқа әлеуметтік жағынан аз қамтылған Зейдінәбі, Абылаев отбастары шақырылды. Мақсаты, қоғамдағы көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беру және балаларды мейрімділікке, ізгілікке шақыру.
Зейдінәбі, Аблаевтар отбастары мүшелері «Балақай, оқы қызық», «Сиқырлы ғажайып әлем» атты кітап көрмелерімен таныстырылды. Балалар «Ойлан,тап» атты викториналық сұрақтарға жауап беріп, мультфильм тамашалады, «Тәжібаев мұражайына» және «Тәуелсіз Қазақстан» залына саяхат жасады. Саяхат соңында балалар бөлімінің оқырмандары үшем Зейдінәбі Аян, Арайлым, Аяулым және Абылаев Мақсатқа сыйлықтар берілді.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған Зейдінәбі, Абылаевтар отбасы және №6 есту қабілеті нашар балаларға арналған түзету мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Өмір-өлең» атты жыр кешіне қатысты.
|
Гости12
Роботы23
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 6 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ