Алашыңды құрметте

Жалпы жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды құрметтеу – алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын түгендеу, табиғатын тану, сол жерге қатысты жәдігерлерді жинау, халыққа белгілі тұлғаларды жас ұрпақтың жадында жаңғырту мен  ардақтаудан басталады.   

Туған жердің тарихын біліп, зерттеп, саралап өскен ұрпақтың елдің ертеңін ойлайтын  ұлтжанды  боп  өсетіні  күмәнсіз.

Өскелең  ұрпақ  жаһандану  үрдісінің  озық  тұстарын  меңгере  отырып, ұлттық  ерекшеліктерді  бойына  сіңіргенде  ғана  ел  болашағы  үшін  қызмет ете алады.

Жастарымыздың  бойындағы  отансүйгіштік  сезімдерін  арттыру  және өз  өлкемізді  жете  тану  мақсатында  өлкетану библиографиясы  секторы дайындаған  библиографиялық құралдар   тұтынушы  назарына ұсынылып  отыр.  Бұл  құралдар мәдени құндылықтарды  жетік  білуге  құштар  көпшілік оқырман  қауымға арналған.

 

 

19 қараша 2015 ж. 10:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: