«Үш тілді білу – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       2016 жылдың 30 наурызында «Үш тілді білу – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Көрменің мақсаты – әлемдік дамудың талабына сай бәсекеге қаблетті ұлт болуды мақсат еткен жастардың бойында патриотизм мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға ықпал ететін әдебиеттерді тұтынушыға насихаттау болып табылады.

      Дүниеде алты жарым мыңнан асатын тіл бар дейді. Соның бәрін еркін, таза сөйлей алатын бір ғана ұлт – қазақ ұлты екенін ғалымдар мойындап отыр....

     Алаш зиялысы Х. Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру зор қата. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек» дегені біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер.

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта елімізде тіл саясаты Елбасымыз Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі – деген болатын.

      Үштұғырлы тіл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бірі, ол өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея екені белгілі. «Тілдердің үштұғырлығы», дәлірек айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенмен, көздеген мақсаты - мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қатынастағы орыс, ағылшын тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу, қазақ тілін әлемдік тілдер қатарына қосу үшін нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, мән беріп, ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тіл. Қысқасы, үш тұғырлы тіл мәдениетін қалыптастыру әрбір қазақ үшін бүгінгі өзекті тақырып болып отыр. Қазақстан азаматтарының парызы - «өзге тілдің бәрін меңгеру, мемлекеттік тілді құрметтеу» деп білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


30 наурыз 2016 ж. 18:59
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: