«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс»

      2016 жылы 4 мамыр күні, сағат 11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты оқырмандарды елжандылыққа. отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отан үшін жан қиған, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

     Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға арнайы шақырылған соғыс ардагері Сатыбалдиев Әбдрәуік, тыл ардагерлері Исабаев Ереже, Елемесов Дастанбек ел басына күн туған отты жылдарды еске түсіріп, сұрапыл соғыстың отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын айтып, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу туралы әңгімеледі. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Ермағанбетова Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтады.

     Іс-шараны өткізуге белсенді атсалысқан №268 орта мектептің оқушылары А.Мұхамедиярова, Б.Базарбек, Н.Шорабек «Әлия», «Жүрегім қазақ», «Катюша» әндерін орындады. №7 орта мектептің оқушылары Д.Дахарбеков, И.Нұрлан, А.Қыпшақбай, Ә.Зәкирия, Ә.Оспан соғыс тақырыбына жазылған өлеңдерді нақышына келтіре оқыды. Іс-шараға №235, Сырдария ауданындағы №147 орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары, Құрылыс және бизнес колледжінің студенттері қатысты.

     Іс-шара аясында «Ер есімі – ел есінде мәңгілік» атты кітап көрмесі жасалып, оған соғыс тарихынан сыр шертетін кітаптар мен фотоальбомдар, газет-журнал материалдары мен суреттер қойылды.


 

 

 

 


04 мамыр 2016 ж. 18:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: