Мәңгілік ұмытылмас отты жылдар

     Биыл Ұлы Отан соғысының 1945 жылы жеңіспен аяқталғанына 71 жыл толады. Осы бір даңқты Жеңіс күні – 9 мамыр тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып, маңызы арта береді. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан да ұмытылмайды, ол мәңгілікке қалады.

   «Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының от жалынды жылдарындағы ерлік істері, соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектері біз үшін өшпес өнеге, өлмес мұра. Сол шежіре – біз арқылы келер ұрпақтың жадына сіңірілетін баға жетпес игілік», - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев

     6 мамыр күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 20 сәуір - 20 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «Мәңгілік Жеңіс» республикалык акциясы аясында «Мәңгілік ұмытылмас отты жылдар» атты сазды-поэтикалық кеш өткізді.

     Мақсаты: оқушыларға бейбітшілік пен тұрақтылық, азаматтық және патриоттық парыз құндылықтарын түсіндіру, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары туралы халық естелігін сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және балаларды Ұлы Отан Соғысы тарихының ерлік дәстүрінде тәрбиелеу.

    Аталмыш шараға №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары әдеби-музыкалық композиция және шағын спектакль көрсетті. Кештің қонақтары №233 Ж.Нұрсеитов орта мектепттің оқушылары, «Сыр ұландары» оңалту орталығының тәрбиеленушілері, ата-аналар және ұстаздар болды. Шара соңында оқырмандар «Біз –Жеңіс ұрпақтарымыз» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.


 

 

 

 

 

 

 

 


 

06 мамыр 2016 ж. 13:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: