«Діннен адастырар теріс ағым» (пікір-сайыс)

   2016 жылдың 28 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы оқырмандар арасында «Діннен адастырар теріс ағым» атты пікір-сайыс өткізді.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді. Осы бағытта өткізілген пікір-сайыстың мақсаты:

• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;

• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.

      Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

    Шараға қатысушыларға діни ағымдар туралы бейнебаян ұсынылды.Пікір- сайыс барысы алған білімдеріне шолу жасаумен және пікірталастан тұрды. Оқырмандар түрлі діндердің адам өмірінің мәніне айналғанын айта келе, жастарға не беретіндігіне тоқталды.Тақырыпқа байланысты «Дін – ынтымақ мәйегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар түрлі әдебиеттермен танысты. 

 

 


 

28 қыркүйек 2016 ж. 16:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: