Абдола Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл толуына «Даладағы қуғын» фильмі көрсетілді.

    Облыстық кітапхананың «Өнер» клубының ұйымдастыруымен  кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдола Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл толуына  «Қазақ киносының дарабозы» атты әңгіме – шолу жасалып, соңынан «Даладағы қуғын» фильмі көрсетілді.
   Оның мақсаты – кинорежиссер А.Қарсақбаевтың өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, фильмдерін насихаттау. Қарсақбаев Абдолла 1926 жылы 2 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында дүиеге келген. Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1947-83 жылдары «Қазақфильм» студиясында қызмет жасап, режиссер Сұлтанахмет Қожықовпен бірге «Ана мен бала», «Егер біздің бәріміз де...» атты фильмдер түсіреді, содан кейін «Қанатты сыйлық», «Ботагөз» атты көркемфильмдерді қоюға қатысады. 1979 жылы түсірген «Даладағы қуғын» фильмі КСРО ХШЖК-нің күміс медалін, ал «Менің атым Қожа» Орта Азия мен Қазақстан кинематографияшылары байқауының және 1967 жылы Каннда өткізілген халықаралық кинофестивальдің дипломына ие болған.
     Балаларға арнап «Балалық шаққа саяхат», «Балалық шақтың кермек дәмі», «Жүйрік болсаң озып көр», «Алты жасар Алпамыс»,  бұған қоса үлкендерге арнап «Қилы кезең», «Біздің Ғани», «Даладағы  қуғын» сияқты таза қазақи шынайылыққа құрылған тамаша көркем фильмдер түсірген. Көптеген фильмдердің сценарийларын дайындаған.  «Қазақ халқының қолөнері», «Торғай шеті», «Черкасск қорғаны», «Ақтөбе» т.б. деректі фильмдерді  қойған.
   «Даладағы қуғын» көркемфильмін режиссер 1979 жылы түсірген. Басты кейіпкерлер Хамитты Алматы жасөспірімдер театрының артисі Досхан Жолжақсынов , ал төңірегін зар қақсатқан бандының басшысы Құдірені қырғыз драма театрының артисі Әшір Шоқыбаевтар сомдап, өз рольдерін биік деңгейге жеткізе білген. 
   Режиссердің  шетсіз-шексіз қазақ даласындағы шиеленісті,шытырман оқиғаларға толы өмірді арқау еткен керемет туындысын «Қызылорда» көпсалалы колледжі, «Ұлағат –Қызылорда» көпсалалы  колледжі студенттері мен №140 орта ме мектеп оқушылары ,  оқытушылар, жалпы өнер сүйер қауым  тамашалады.

 

 

 

 



07 қазан 2016 ж. 17:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: