«Таланттыларды іздейміз» / Жүргізушілер , мәнерлеп оқу , әдеби қойылымдар сайысы /

    2016 жылдың 21 қазан күні сағат 10-00де Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқу залы секторының ұйымдастыруымен «Жауқазын - ғұмыр» жас ақын – жазушылар клубының жобасы бойынша облыстық оқу орындары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған «Таланттыларды іздейміз» атты әдеби сайыс өтті.

     Әдеби сайыстың турлары: І - тур: Жүргізушілер сайысы; ІІ - тур: Мәнерлеп оқу сайысы; ІІІ - тур: Әдеби көрініс.

«Таланттыларды іздейміз» әдеби сайысына Қызылорда гуманитарлық экономикалық, «Өркениет» медициналық және М.Маметова атындағы гуманитарлық колледждерінің студенттері қатысты.

    Әділқазылар алқасы «Жауқазын – ғұмыр » клубының белсенді мүшелері: Маратова Меруерт, Карамат Хасен, Мұқашева Гүлжайна, кітапхана әдіскері Оспанова Софья мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Байтенова Ляззат.

Қорытындысы. Жүргізушілер сайысы бойынша І-орын: Өмірбайқызы Ақнұр – Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенті;

ІІ-орын: Нұрлыбай Динара - М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті;

ІІІ- орын: Ниязбек Әлібек - Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенті мен Нұрмахан Ақнұр – «Өркениет» медициналық колледж студенттері иеленді.

Мәнерлеп оқу сайысы бойынша І-орын: Серәлі Нарбота - Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студент, ІІ-орын: Нұрмахан Ақнұр - «Өркениет» медициналық колледж студенті; ІІІ-орын: Назар Бекарыс мен Сулеменқызы Аружан - М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенттері иеленді.

Әдеби көрініс бойынша «Ең үздік көрініс» номинациясымен Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенттері марапатталды.

     Шара соңында қатысушылар марапатталып, естелікке сыйлықтар берілді, кітапханаға жаңа оқырмандар тіркеліп, «Жауқазын-ғұмыр» клубы жаңа жас таланттылармен толықты.


 

 

 

 

 

 


21 қазан 2016 ж. 17:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: