«Терроризм – қазіргі заманның жаһандық проблемасы» атты эссе-сайысты қорытындылады.28-қазан күні балалар әдебиеті бөлімі оқушылар арасында «Терроризм – қазіргі заманның жаһандық проблемасы» атты эссе-сайысты қорытындылады. Қорытынды шараға №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің тарих және әдебиет пәнінің мүғалімдері: Г.Жұмабекова, Г.Күнтуова және осы мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Эссе-сайысқа қатысқан оқушылар өз шығармаларында терроризмнің зардабы мен қоғамға келетін зияны туралы, қазіргі таңдағы ахуал жайында өз ойларын айқын жеткізе білді. Сайысқа сегіз оқушы қатысты. Қазылар алқасы шығармаларды бағалай отырып №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Ашен Ақнұрды І-дәрежелі және 8 «В» сынып оқушысы Қыдыралиева Нұрайым Құрманәліқызын ІI-дәрежелі дипломдарымен марапаттады. Басқа да қатысушыларға кітапхана әкімшілігі атынан Алғыс хаттар берілді. Шара соңында оқушыларға осы тақырыпта дайындалған бейнефильм көрсетілді.
|
Кітапхана тарихы

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Қазан 2023 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |