Ақын Шынтемір Әмишаұлының «Қайдасың, Қасқақұланым...» және «Жоқ іздеген жүрек» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

    2016 жылдың 4 қараша күні сағат 15-00-де ақын Шынтемір Әмишаұлының «Қайдасың, Қасқақұланым...» және «Жоқ іздеген жүрек» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

    Шынтемір Әмишаұлы Арал теңізінің Қасқақұлан аралында дүниеге келген. 1963 жылы Қасқұлан қазақ орта мектебін бітіріп, өзінің еңбек жолын жұмысшы болудан бастаған. Зейнеткерлікке шыққынға дейін Арал ауданындағы Қаратерең орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. Ұстаздық еткен еңбегі жемісті болып, әртүрлі деңгейдегі мадақ – марапаттауларды иеленген, Елбасының Алғыс хатын алған.

   Құттықтау сөздерімен оқырмандар алдында Сыр бойының ақын – жазушылары, замандастары, ауылдастары, сыныптастары сөз сөйлеп, бір топ студенттер ақынның өлеңдерін оқыды және «Жоқ іздеген жүрек» атты фильм көрсетілді.

   Кешті Н.Көбегенұлы жүргізді.

   Келген қонақтарға «Үмітімді ұрпағыммен жалғадым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

 

 

 

 

 


 

04 қараша 2016 ж. 08:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: