«Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қаупі»

    2016 жылдың 23 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қаупі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

   Мақсаты: Жастарға экстремизм, терроризм терминдері жайлы түсінік беру, ҚР лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, туралы және олардың қазіргі таңдағы ахуал жөнінде мағлұмат беру; келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
   Күтілетін нәтиже: Жастар діни экстремизм және терроризмнің қауіпті салдарлары туралы түсінік қалыптастырады, азамат ретінде қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұра алады. Елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін өз үлестерін қоса біледі.

    Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында, халқымыздың мәдениеті мен таным –табиғатына жат экстремизм діни көзқарастардың таралуына байланысты ерекше назар аударды.

  Жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және экстремизмнің қоғамға қауіптілігінің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шараның қонақтары: «Құрылыс және бизнес» колледжінің оқытушылары Л.Жұмабаева, Ж.Үсенқұлова, М.Төлбаева, А.Садық.

   Дөнгелек үстел төңірегінде келген қонақтар сұрақтарды талқылап, жас ұрпақтың діни тәрбие алуына, дүние танымдық көзқарасының қалыптастырылуына кеңес беріп және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда елімізде ақпараттық саяси қызмет көрсетуді жөн деп қарастырды.

  Осы мәдени шараға «Экстремизм – қоғамның қауіпті жауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды тақырыптық әдебиеттермен кеңінен таныстырды.

 

 

 

 

 


 

23 қараша 2016 ж. 12:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: