Ақын, журналист Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өткізіледі.

2016 жылдың 7 желтоқсанында сағат 11.00 де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, журналист Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өткізіледі.


Мүшәйраның мақсаты:

 

Асқар Кіребаевтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін, өмірі мен шығармашылығын және қазақ поэзиясын насихаттау. Бар өмірін жыр әлеміне арнаған ақын есімін асқақтату. Ақындардың шеберлігін шыңдап, дарынды жастардың өлеңге деген ынтасын ояту.

 

Мүшәйраның шарттары мен өткізілу тәртібі:

 

Мүшәйраға облыс көлеміндегі кез келген жас талапкерлер қатыса алады. Әр үміткер Асқар Кіребаевқа арнаған 1 өлең, еркін тақырыпқа 1 өлең ұсына алады.

Жыр додасында үміткерлердің өнері туындының тақырыпқа сай болуы,қатысушылардың ақындық, орындаушылық шеберлігі, шығарманың идеялықмазмұны мен көркемдік дәрежесі, сахнада өзін-өзі ұстауы, сахна мәдениетініңерекшеліктері бойынша бағаланады.

Мүшәйраның талаптары:

Мүшәйраға қатысушы үміткерлер өлеңдерінің бір данасын электронды түрде СД-дискіге немесе флешкаға жазады. Екінші данасын А4 форматтағы параққа жазып, электронды нұсқамен бірге алып келеді.

 

Автор өзі туралы толық мәліметті, байланыс нөмірлерін, лауазымын, оқитын немесе қызмет орнын толық көрсеткен анықтама парағын толтырады.

Өтініштер 2016 жылдың 3 желтоқсанына дейін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қабылданады.

Байланыс телефондары: 8 (724) 2 23-14-17

Электронды пошта: ounb_kzlorda@mail.ru

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

Мүшәйраның жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен I, II, III дәрежелі Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйра Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 7 желтоқсанында сағат 11.00-де өтеді.


 

23 қараша 2016 ж. 17:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: