«Ең үздік оқырман» бенефисі

 

 

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге тәрбиелеу, қадірлеуге баулу мақсатында жаңа жобаны қолға алды.

    Осы мақсатта 2016 жылдың 29 қараша күні абонементтік қамтамасыз ету секторында «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді. Шараға кітапхананың белсенді оқырманы Байтенова Айжан шақырылды. Ол 2012 жылдан бері кітапхананың үздік оқырманы және кітапханада өтетін түрлі іс-шараларға үзбей қатысады. Айжан сонымен бірге белсенді өмірлік ұстанымдарымен, көңілді мінездерімен және заманға қарай аяқ басуларымен ерекшеленеді.

  Айжанның оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты слайд жасалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке қатысушылар Айжан туралы өте жақсы пікірлермен бөлісті. Шара өте қызықты өтті . Бенефиске қатысушы кітапхана атынан сыйлықтарға ие болды.


 

 


 

 

 

 

 


 

29 қараша 2016 ж. 10:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: