«Біз – Тәуелсіз елдің болашағымыз» /Саяхат/2016 жылдың 14 желтоқсан күні «Ералаш» балалар бақшасының «Радость» тобы бүлдіршіндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына саяхат жасады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кітапхананың «Тәуелсіз Қазақстан» залында балалар мерекеге өздері арнайы дайындаған өлең-жырларын, ән-билерін шашу етті. Кітапханашылар балаларға кітапхана туралы мағлұматтар беріп, көркем суретті сөйлейтін кітаптармен таныстырып, соңында мультфильм көрсетілді.
|
Гости6
Роботы36
Кітапхана тарихы

Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ