«Білім-таным әлемінің кілті» \Әңгіме\

24-қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі №101 мектеп-лицейінде 6 «в» сыныбымен «Білім-таным әлемінің кілті» атты әңгіме өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты білімді, танымдық деңгейі жоғары дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу. Кітаптың өмірдегі маңызы, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін айтып өтті.

Оқушылар әңгіме барысында «Білім күшті кітапта» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Әңгіме барысында олар өз ойларын ашық та, айқын жеткізе білді. Қазақ- тілі әдебиетінің мұғалімі Тоганова Гүльназ балалардың жан-жақты ой-өрісін кеңейту,жаңа бағытта білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгіме өткізді. Ал кітапханашы «Білімнің кілті кітап» арқылы берілетінін ұғындырды. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірді.


 

 

 

 

24 қаңтар 2017 ж. 17:32
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: