«Кітаптар қалашығы» /саяхат/Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі 25 қантар күні «Кітаптар қалашығы» саяхатын өткізді. Кітапханаға №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің оқушылары қонаққа келді. Саяхат барысында оқушылар кітапхана бөлімдерімен танысып, «Тәуелсіздік залы», «Әбділда Тәжібаев» мұражайларын тамашалады. «Балдырған» залында оқушылармен «Ертегілер әлемінде» атты ойын-викторина өткізіліп, қызықты, көркем суретті кітаптарды тамашалады.
|
Гости10
Роботы36
Кітапхана тарихы

Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ