Галиаскарова Мадхия Каримқызын еске алу кеші

     27 қаңтар күні облыстық кітапханада ұзақ жылдар кітапхана саласында еңбек еткен Галиаскарова Мадхия Каримқызының 100 жасқа толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды. Кешке Мадхия Каримқызымен бірге еңбек еткен кітапхана саласының ардагерлері, кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ұл-қыздары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

    Мадхия Каримқызы Ақтөбе облысының Ембі станциясында 1917 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. 1931 жылы Қызылорда қаласына көшуіне байланысты білімін осы жердегі теміржол станциясының 7 жылдық мектебінде жалғастырды. 1938 жылы М.Горький атындағы облыстық кітапханаға жұмысқа орналасады. Осы жылы Шиелі каналының құрылысына еңбек етуге жіберіледі. Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1941 жылдың 24 маусымынан 1947 жылдың 28 тамызына дейін Қызылорда облыстық атқару комитетінің саяси ағарту мекемелері одағының председателі болып сайланған. Галиаскарова Мадхия Каримқызының жалпы еңбек стажы 60 жыл болса, соның 45 жылы кітапхана cаласына арналған. Облыстық кітапханада кітапханашы, кейінгі жылдары аға кітапханашы болып еңбек еткен Мадхия Каримқызы көп жылғы еңбегі үшін Кеңестер Одағы Мәдениет Министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2 рет Кеңестер Одағы Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамотасымен, бірнеше рет облыстық кәсіподақ кеңесінің, облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Марапаттарының ішіндегі ең құрметтісі әрі бағалысы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен еңбегі үшін» медалі, Ұлы Жеңістің 30-50, 60 жылдықтарына арналған мерейтойлық медальдары және Елбасымыз Н.Назарбаевтың «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері», «Еңбек ардагері» төсбелгілері.

    Кеш барысында Мадхия Каримқызы туралы облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім мекемесі директорының орынбасары Жұмабаев Асылбек Теңелұлы және кітапхана саласының ардагерлері: Сисекеева Күлбаршын Раушанбекқызы, Ибрагимова Гульфира Мубаракшаевна, қызы Абубакирова Фируза Абдрахмановна қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш иесінің өмірі мен еңбек жолына арналған «Құтты мекеннің өшпес естеліктері» атты көрме мен слайд дайындалды.


 


 

27 қаңтар 2017 ж. 19:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: