«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» (кітаптар шеруі)

   2017 жылы 31 қаңтар күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» атты кітаптар шеруін өткізді.

   Мақсаты: Жас ұрпақтың қазіргі уақыт талабына сай жоғары білімді, интеллектуалды көп тілді (полиглот) білуге қызығушылығын арттыру, Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

    Кітаптар шеруіне қатысқан, №12 Ілияс Қабылов атындағы орта мектеп, №264 мектеп-лицей оқушылары.

    Мәдени шара – флешмобпен ашылып, балаларға арналған үш тілдегі шыққан кітаптарға шеру жасалды. Олар: «Нұрсәуле – Лучик» сериясынан шыққан«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат». Бұл - кітап балаларды еліміздің географиялық жағдайымен, Қазақстанның табиғи аймақтарымен, жануарлар әлемімен, жер қойнауының бай қорларымен, өзен- көлдерімен, тауларымен және атақты қорықторымен, тарихи ескерткіштерімен, ірі қалаларымен, сондай-ақ халқының тұрмысымен және мәдениетімен таныстырады.

    «Атамекен» сиқырлы елінің аңыздары». Бұл кітап Қазақстан өзендері мен көлдерінің, тауларының, алқаптарының, аспан шырақтары мен жануарларының пайда болу тарихы мен шыққан тегі жөнінде әңгімелейді.

   О. Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» балаларға арналған энциклопедиясы–Егеменді еліміз жайында және Қазақстанның болашағынан, тарихынан сыр шертеді.

     Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – батырлар жыры.

     Алматы баспасынан шыққан «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын».

    Ертегілер – халық даналығының ғажайып туындысы, халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасы. Алматы баспасынан шыққан « Алдар Көсе», «Тазша бала», «Алтын балық».

   Кітап шеруі барысында оқушылар үш тілде өлең-жырларды жатқа оқып, ертегілерден көрініс қойды. Ж.Кизатов атындағы № 23 мектеп-лицей, №112 орта мектеп оқушылары, шеруді тамашалап, «Үш тұғырлы тіл» - атты қітап көрмесімен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

31 қаңтар 2017 ж. 17:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: