«Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты 27 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Елбасымыздың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Көрменің мақсаты: Елбасы Жолдауының жастарға маңыздылығын жеткізу, онда көрсетілген негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға шақыру. Сонымен қатар көрмеге оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Бәйтенова шолу жасап, оқырмандарға «Жолдаудың 5 негізгі басымдығы», «Маңызды кешенді 3 міндет» туралы айтып әр тармаққа сараптама жасады.


 

 

 

27 наурыз 2017 ж. 12:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: