«Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан»

     Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси – демократиялық қозғалысы.1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде: « Ұлт –азаттық қозғалысының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақпаев, М.Шоқай, М.Тынышпаев Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер»- деп, Алаш қайраткерлерінің интеллектуалдық әлеуетіне жоғары баға берген.

     ХХ ғасырдың басында қазақ халқының мақсат-мүддесі мен ғасырлар бойы көксеген асыл арманын жүзеге асыруды өздеріне парыз санаған ат төбеліндей аз ғана топ – Алаш қайраткерлері екендігі дау тудырмайды. 1905-1917 жылдары өрістеген Алаш қозғалысы аясында қазақ зиялыларын бір мақсат-мүддеге жұмылдырған ұлттық-демократиялық «Қазақ» газетін шығарып, «Алаш» партиясын құрып, өз алдына Тәуелсіз мемлекеттік құрылым «Алаш» автономиясын жариялаған алаш арыстарының идеялары мен жүзеге асырған істері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде өз жалғасын тапты.

      Көрменің бірінші бөліміне Алаш қозғалысының тарихын баяндайтын «Ұлы дала тарихы», «Қазақ көтерілістері», «Алаш. Алашорда» анықтамалық энциклопедиясы, академик Манаш Қозыбаевтың шығармалары, Б.Ғабдуллиннің «Ұлы көш» атты әдебиеттері қойылған. 

   Көрменің екінші бөліміне Алаш жұртының қасиеті мен қадірін танытатын танымдық ақпараттар ұсынылған. А.Байтұрсыновтың, А.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайдың шығармалары қойылған.

     Келесі бөлімде Алаш қозғалысына қатысты құнды мұрағат материалдары, Алаш көсемсөзшілерінің еңбектері, Алаш баспасөзінің сол кезеңде алар орны ерекше екенін көрсететін баспасөз материалдары және Х.Досмұхамедовтың таңдамалы шығармалары, Ш.Құдайбердіұлының үштомдығы, Т.Жұртбайдың «Ұраным Алаш», Ш.Елеусіновтің «Әдебиет және ұлт тағдыры» т.б.әдебиеттер ұсынылды.

     Алаш қозғалысы ұлттық ұстанымдағы Қазақ мемлекеттігін құруды мақсат еткен болатын. Сол мақсаттың жүзеге асқанын көру бақыты бүгінгі ұрпақтың маңдайына жазылыпты. Мемлекет басшысының игі істері мен Алаш азаматтарының ұстанымдары арасында үлкен сабақтастық жатыр. Осының айғағы ретінде бұл бөлімге «Мәңгілік Ел - ғасырға бергісіз жылдар», «Менің елім Қазақстан», « Ңұрлы жол», « Ұлттық экономика», « 25 белес», «Қазақстан - қарашаңырағым» атты әдебиеттер қойылған.

       Кітап көрмесіне 300 ге жуық әдебиет және баспасөз материалдары, фотосуреттер, архив материалдары ұсынылды.


 

 

 

 

 


 

30 наурыз 2017 ж. 17:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: