«Ұлылыққа тағзым» (әдеби оқу)18 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтің бюсті жанында «Ұлылыққа тағзым» атты әдеби оқу өткізілді. Қазақ даласында атадан балаға мирас болып келе жатқан құндылықтар көп. Сыр өңірінде 500-ден астам жәдігерлер есепке алынған. Олардың ішінде археологиялық, тарихи, республикалық дәрежедегі ескерткіштер бар. Солардың бірі - Әбділда Тәжібаев ескерткіші-бюсті. Ескерткіш 2015 жылдың 17 маусым күні ашылды. Тарихи, мәдени ескерткіштер біздің тарихымыз, шежіреміз деп білеміз. Шара барысында көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің студенттері ақынның патриоттық сезімге толы жыр шумақтарын оқыды.
|